Округке қарасты Үміткер, Төрткөл және Үлгі ауылдары орталықтандырылған ауыз сумен, электр жарығымен, телефон байланысымен қамтылған. Үміткерде Билайн, Актив, Теле2, Алтел, Төрткөлде Актив ұялы байланысы қолданылады.
2023 жылы Үміткер ауылының Қ. Бабаев, Бейбітшілік, Жаңа жұрт көшелерінің жолдары күрделі жөндеуден өткізіліп, асфальт төселді. Cондай-ақ 2023 жылы Жеңіс саябағын көркейту бойынша жұмыс жүргізілді, атап айтқанда брусчатка төселді, орындықтар, урналар, жарық шамдары орнатылды.