Ғ.Мұстафин кентінің 2024 жылға арналған бюджеті аудандық бюджеттен жеткізілген субвенция көлемінен және өз салықтары бойынша түсімдер болжамынан құралады.
2024 жылға арналған бюджеттің жалпы көлемі 36 млн. 500 мың теңге сомасында қалыптастырылды, оның ішінде
Салықтар мен басқа да төлемдерден қаражаттың жоспарланып отырған түсімі 36 млн. 500 мың теңгені құрайды.
Оның ішінде салықтар бойынша – 36 млн. 500 мың теңге
-КБК 101202 «Салық салынбайтын кірістерден алынатын жеке табыс салығы» - 17 235 т.т.
-КБК 104102 «Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық» - 500 т.т.
-КБК 104302 «Елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы» - 540 т.т.
-КБК 104401 «Заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдарына салынатын салық» - 225 т.т.
-КБК 104402 «Жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдарына салынатын салық» - 9 000 т.т.
-КБК 105315 «Жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы – 9 000 т.т.
Өз кірістерінің өсу қарқыны 2023 жыл, яғни ағымдағы кезеңмен салыстырғанда 119% құрайды немесе 5 млн. 905 мың теңгеге артық.
Заңға сәйкес бюджетті нақтылау жөнінде барлық материалдар бюджет комиссиясының отырысында қаралды.