Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Кодексі.

 Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.

Дата публикации
25 января 2024