Положение

"Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты" (бұдан әрі-ауылдық округ әкімінің аппараты) ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ ауылдық округ әкімінің аппараты туралы осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Ауылдық округ әкімінің аппараты заңды тұлға болып табылады
мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысаны,

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

Ауылдық округ әкімінің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. Ауылдық округ әкімінің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы (...)

Ауылдық округ әкімі аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады

Положение
Дата публикации
05 февраля 2024