«Ақнар» ЖШС, «Іңкәр» ШҚ және «Дархан» ШҚ шаруашылықтарында егістік алқаптарын қорғау мақсатында заманауи электрлі қоршаулар орнату жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмыстар жабайы және үй жануарларының егістікке кіруінің алдын алып, ауыл шаруашылығы дақылдарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Заманауи технологияларды енгізу – өнімділікті арттыру мен шаруашылықтардың тиімділігін күшейтудің маңызды қадамы.
🌾 Егінді қорғау – мол өнімнің кепілі!«Ақнар» ЖШС, «Іңкәр» ШҚ және «Дархан» ШҚ шаруашылықтарында егістік алқаптарын қорғау мақсатында заманауи электрлі қоршаулар орнату жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмыстар жабайы және үй жануарларының егістікке кіруінің алдын алып, ауыл шаруашылығы дақылдарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Заманауи технологияларды енгізу – өнімділікті арттыру мен шаруашылықтардың тиімділігін күшейтудің маңызды қадамы.
🌾 Егінді қорғау – мол өнімнің кепілі!
Бұқар жырау ауданының Ботақара ауылында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше балаларды құттықтап, сыйлықтар мен тәттілер табысталды.
#балаларкоргаукуникуттыболсын
#деньзащитыдетей
Бұқар жырау ауданының Ботақара ауылында 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ойын-сауық бағдарламалары мен жарыстар ұйымдастырылды.
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл жыл сайын әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау, олардың игілігі мен жарқын болашағын қамтамасыз ету мақсатында кеңінен атап өтілетін ерекше мереке.
#балаларкоргаукуникуттыболсын
#деньзащитыдетей
2026 жылғы 4 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында Ғ.Мұстафин кентінде Бұқар жырау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Д.М.Құтжановтың, аудан әкімінің кеңесшісі Ш.Р.Құрбановтың, ауыл әкімі Ғ.Мұстафин Б.Қ.Ускембекованың қатысуымен қатысуымен «Сайлау принциптері – сайлаушылар сенімінің негізі» тақырыбында құқықтық, институционалдық және азаматтық қағидалардың қалыптасқан жүйесінің нәтижесі ретінде таңдауды түсінуді көрсететін семинар-кеңес өтті.
Бұл жиында сайлау құрылымының негізін құрайтын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық қағидаттары түсіндірілді. Сондай-ақ Ғ.Мұстафин кенті және Тұзды ауылы сайлау комиссияларының мүшелеріне мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз етудің қолданыстағы ережелері түсіндірілді, соның ішінде мүгедектердің дауыс беруінде жаңа технологиялық шешімдерді пайдалану, сонымен қатар сайлау саласындағы қолданыстағы заңнамалар түсіндіріліп, қоғам өміріне инклюзивтілікті енгізу мәселелері талқыланып, мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау құқықтары түсіндіріліп, талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бұқар жырау ауданы әкімінің кеңесшісімен бірлесіп, азаматтармен жеке кездесу өткізіп, сайлауға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.




27 қаңтарда Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясымен Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту және қолданыстағы сайлау заңнамасын түсіндіру мақсатында Ботақара кентінің мәдениет үйінде бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Халық үшін маңызды ақпарат!
Мемлекеттік кірістер органдарының сервистік тобы туралы үлгілік ережені бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м. а. 2025 жылғы 29 қазандағы № 645 бұйрығына сәйкес Қарағанды облысы бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарында салық органдарымен мемлекеттік қызметтер көрсету және салық міндеттемелерін орындау бойынша салық төлеушілерге ақпараттық-түсіндіру қолдауы бойынша көшпелі сервистік топтар ұйымдастырылды, оның ішінде жеке тұлғалардың декларацияларын жасау және ұсыну бойынша.
Сервистік топ салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін ғана мемлекеттік қызметтер көрсетеді:
1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
2) еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі 2 (екі) айдан астам белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдар;
3) сырттан күтім мен көмекке мұқтаж сексен жастан асқан қарт адамдар;
4) аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ шалғай елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар.
Бұқар жырау ауданы бойынша МКБ сервистік тобының құрамы бас мамандар Сковородко Ирина Петровна және Бағынтаев Мирас Арманұлы. Шығу күндері: сейсенбі, бейсенбі.
Сервистік топтың келуіне өтінім беру жоғарыда көрсетілген санаттағы салық төлеушілерден Департаменттің байланыс орталығы арқылы телефон нөмірлері бойынша жүзеге асырылады: (7172) 73 55 15, 8 705 956 53 88
Бұқар Жырау ауданы Ботақара ауылында алғаш рет мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында балабақша ашылды.