Ботақара ауылының ауыл шаруашылығы туралы ақпарат

Ауыл шаруашылығы желісі бойынша ақпарат

Ботақара ауылының аумағы 8853,2 га құрайды, оның ішінде елді мекеннің жерлері -3296 га.

Ботақара ауылының құрамына тек Ботақара ауылы кіреді, бөлімшелері жоқ.

Ботақара ауылында 4 ЖШС ( Ақнар, А-Алтын, Ақ-Нұра-Артель, RGB Agro) жұмыс істейді,

7 шаруа қожалығы, 12 жеке кәсіпкер бар.

Ботақара ауылы қызметінің негізгі бағыты ауыл шаруашылығы өнімін өндіру болып табылады

  1. Өсімдік шаруашылығы саласында дәнді дақылдар, көкөністер өсіру. -3296 (га) егістік бар. "Ақ-Нұра-Артель" ЖШС 1753 га жыл сайын бидай егеді
  2. Мал шаруашылығы саласында: ІҚМ, ұсақ мал, жылқы және құс шаруашылығы,ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру.

01.01.2024 жылы ауылда 998 ІҚМ, 1467 ІҚМ, 223 бас жылқы бар.

Мал жаю үшін 1630 га бекітілген, жайылымдық жерлердің тапшылығы 12834,4 га құрайды.

  1. Екі қала құраушы кәсіпорынның өндірістік қуаты "Ақнар-ПФ" ЖШС бойынша жылына 6 500 тонна бройлер құс еті, "А-Алтын" ЖШС бойынша инкубациялық жұмыртқа өндірісі жылына 8,0 млн. дана құрайды
Ауыл шаруашылығы
Дата публикации
07 февраля 2024