GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
23 сентября 2026
Балалар ойын алаңдарын күтіп ұстау жұмыстары

Ағымдағы жылы Ботақара кентінде балалар ойын алаңдарын күтіп ұстау және абаттандыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, ойын алаңдарының аумақтары тұрақты түрде тазаланып, қоқыстардан және тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Балалар ойын құрылғыларының техникалық жағдайы тексеріліп, анықталған кемшіліктерді жою, сырлау және ұсақ жөндеу жұмыстары орындалды.Сонымен қатар, ойын алаңдарының айналасындағы аумақтар ретке келтіріліп, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда бос уақытын өткізуіне жағдай жасалды. Ойын алаңдарын күтіп ұстау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастырылатын болады.

14 сентября 2026
Ботақара кентінде күзгі айлық сенбіліктер басталды

     2026 жылғы 12 қыркүйектен бастап Ботақара кентінде абаттандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында күзгі айлық аясындағы сенбіліктер басталды. Сенбілікке бөлімдер мен мекеме басшылары бастаған ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ кент тұрғындары белсенді қатысты. Қатысушылар өздеріне бекітілген аумақтарды тазалап, жиналған қоқыстарды шығарды және айналаны ретке келтірді. Тазалық жұмыстарының басты мақсаты – кент аумағын абаттандыру, санитарлық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаның тазалығын сақтау.

30 июля 2026
Ботақара кентінде мәдени нысандар жөнделіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылы Ботақара кентінде мәдениет пен демалыс орындарын жаңғырту мақсатында бірқатар нысандарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, субұрқақтар қалпына келтіріліп, абаттандыру жұмыстары атқарылды.

 

01 июля 2026
Ботақара кентінде жаңа жағажай ашылды

     2026 жылдың маусым айында Ботақара кентінде жаңа жағажай ресми түрде пайдалануға берілді. Бұл жоба жергілікті тұрғындардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға және кенттің демалыс инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Жағажай аумағы абаттандырылып, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы демалуына қажетті жағдайлар жасалды. Демалыс орнында серуендеу және отбасымен уақыт өткізуге арналған аймақтар қарастырылған. Аталған нысанның ашылуы Ботақара кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік туғызады.

21 мая 2026
Ботақара кентінде абаттандыру жұмыстары жалғасуда

     Ағымдағы жылы Ботақара кентінде бірқатар мәдени нысандарда ағымдағы жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, стелланың сыртқы келбетін жаңарту, аумақтарды көгалдандыру, ағаш көшеттерін отырғызу, гүлзарларды ретке келтіру жұмыстары қолға алынған. Сонымен қатар, тұрғындардың жайлы демалысы үшін саябақтар мен қоғамдық орындардағы бұрқақтарды қайта жаңғырту, жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу, жарықтандыру жүйелерін жаңарту шаралары жүзеге асырылуда. Жүргізіліп жатқан жұмыстар кенттің эстетикалық келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы әрі заманауи орта қалыптастыруға бағытталған.

27 апреля 2026
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ботақара кентінде республикалық сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Ботақара кентінде аудан әкімінің қатысуымен республикалық сенбілік ұйымдастырылды. Ауқымды шараға кенттегі барлық мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер және жергілікті тұрғындар белсенді түрде қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Сенбілік барысында кент аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Атап айтқанда, ағаштар мен түрлі көшеттер отырғызылып, көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстардан тазартылды. Сонымен қатар, ағаш діңдерін әктеу жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар кенттің көркін арттырып қана қоймай, жасыл желекті күтіп-баптауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталды.Іс-шара соңында Жастар шағын ауданында қатысушыларға арнап шағын пикник ұйымдастырылды. Кент әкімдігі тарапынан палау таратылып, сенбілікке атсалысқан азаматтарға алғыс білдірілді.

15 апреля 2026
Заң және тәртіп

    Ботақара кентінде тұрмыстық қиын жағдайдағы отбасыларды полиция, әкімдік, қамқоршылық бөлімі, отбасын қолдау орталығы және аурухана мамандары бірлесіп аралады. Олар отбасылардың жағдайымен танысып, қажетті көмек көрсету бойынша кеңес берді.Тексеру барысында тұрғындардың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайы бағаланып, қиын жағдайдағы отбасыларға қолдау шаралары ұйымдастырылды. Іс-шара тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

 

06 апреля 2026
Ботақара кентінде облыстық сенбілік өтті

Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде Ботақара кентінде облыстық сенбілік жоғары деңгейде өтті. Бұл игі іске мекемелер мен ұйымдар, кәсіпкерлер мен жергілікті тұрғындар бір кісідей жұмылып, белсенділік танытты. Қатысушылар өз аумақтарын тазалап, кенттің көркеюіне өз үлестерін қосты.

27 марта 2026
Ботақара кентінде жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді

Наурыз мейрамы қарсаңында Ботақара кентінде жағымды жаңалық орын алды. Жаңадан салынған екі қабатты тұрғын үй халық игілігіне беріліп, бірнеше отбасы көптен күткен жаңа баспаналарына қол жеткізді. Заманауи талаптарға сай бой көтерген тұрғын үй барлық қажетті инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, әр пәтерге су, жылу және электр жүйелері жүргізілген. Сонымен қатар, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында аула аумағы абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңы орнатылды. Көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, аумақтың көркі арттырылды. Бұл бастама – тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және кенттің әлеуметтік дамуына бағытталған маңызды қадам.

 

19 марта 2026
Ботақара кентінде көктемгі тасқын судың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Халықты, аумақтарды және шаруашылық субъектілерін су тасқынынан қорғау мақсатында Ботақара поселкесінде су тасқыны кезеңінде іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
 Қазіргі уақытта «Автожолсервис» ЖШС поселке аумағында жүйелі түрде қарды тазалау және шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 70 текше метр қар шығарылды, 800 метр арық тазаланды және 12 су өткізгіш құбыр қызметі қалпына келтірілді.
Халық арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылған.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы