Ақбел ауылдық округінің аумағы 101 419 га құрайды, оның ішінде 33 030 га – елді мекеннің жері.
Ақбел ауылдық округінде шаруашылық жүргізуші субъектілер - 3 ЖШС, 38 ШҚ, 23 ЖК.
Ақбел ауылдық округі қызметінің негізгі бағыты ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру болып табылады.
Өсімдік шаруашылығы саласында-дәнді дақылдар өсіру. 12 061 мың гектар егістік бар.
Мал шаруашылығы саласында: ІҚМ, ұсақ мал, жылқы ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру. 01.01.2024 жылға округте 2306 бас ІҚМ, 2185 бас ұсақ мал, 1729 бас жылқы бар. Мал жаю үшін 36 865 гектар жайылым бекітілді