
2025 жылдың 20-22 мамырында Қарағанды облысында "WorldSkills Karaganda 2025" өңірлік чемпионаты өтуде. Биылғы жылы сайысқа облыстың 38 колледжінен 286 қатысушы қатысады.
Үш күн бойы қатысушылар кәсіби дағдыларын көрсетіп, 46 біліктілік бойынша жеңіс үшін бәсекелеседі. 20 біліктілік бойынша сайыстар "Жастар" спорт кешенінде өтсе, қалған 26 біліктілік 13 колледжде ұйымдастырылады.
Чемпионаттың негізгі мақсаты — жастар арасында жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және танымал ету, сондай-ақ кәсіби шеберлікті дамыту мен аймақтың және елдің болашақ мамандарын даярлау.
Бұл чемпионат — жастарға өз білімдері мен дағдыларын көрсету, сондай-ақ кәсіби ортада мойындалу үшін тамаша мүмкіндік.Чемпионат "WorldSkills Karaganda 2025".