Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасау туралы хабарлама

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасау туралы хабарлама

          "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңының 44-бабына сәйкес «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ «Қарағанды облысының 23 мектеп-интернаттарының асханаларын жаңғырту және пайдалану» МЖӘ жобасына әлеуетті жекеше әріптестің бастамашылық жасауы туралы хабарлайды.

  • Іске асыру орны: Қарағанды облысы;
  • Іске асыру мерзімі: 7 жыл;
  • Бюджеттен сұралатын төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: мектеп-интернаттарының асханаларын пайдалану құқығын беру, МЖӘ жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігі;
  • Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге нақты қажеттіліктер: түскен өтінім шеңберінде Қарағанды облысының 23 мектеп-интернаттарының асханаларын жаңғырту, жөндей, толық жабдықтау, жиһаздау, тозған жабдықтар мен жиһаздарды жаңаға ауыстыру;
  • МЖӘ жобасы әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды іске асырумен ажырамас байланыста;
  • Жоба техникалық күрделі және (немесе) бірегей жобаларға жатпайды;
  • Жоба жекеше әріптестің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

            Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер балама ұсынысты хабарламада көрсетілген талаптарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 130-тармағында көрсетілген жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімге сәйкес ұсынады.

            Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер мынадай жалпы біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:

1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;

2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;

4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмауға тиіс;

5) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауға тиіс.

 

           Баламалы ұсыныстар 2020 жылдың 28 қыркүйегіне дейін қабылданады.

           Анықтама үшін: «Қарағанды облысы білім басқармасы» ММ, Қарағанды қ-сы, Алиханов к-сі, 19, тел: +7 (7212) 252504.