Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры

Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры

Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ.
Биылғы оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» кешенді жоспарына сәйкес жүргізілуде. Тәрбие жұмысының жоспарларында мектептердің білім алушылармен жұмыс кезінде сүйенетін құндылықтары көрініс тапқан.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап облысымыздың мектептері Ақан сері композиторының 180 жылдығына арналған "Арқаның ақиығы - Ақан сері", "Отбасы және мектеп - диалогтан серіктестікке" жобасын іске асыру шеңберінде "Мектеп тәрбиесіндегі отбасы және серіктестер", «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» атты облыстық форумдарына, «Абай ілімі - ұлттың ұлы мұрасы» атты бейне-баспасөз конференциясына қатысты.
Оқу жылының басынан бастап мектептерде көптеген іс-шаралар өткізілді: «Мектеп - мейірім мекені» Білім күні, Ізгілік сағаты, «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы шеңберінде іс-шаралар, Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» іс-шаралары, Дублер күні, Республика күніне, Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар, Оралхан Бөкейханның 80 жылдығы, С.Сейфуллин мен С.Торайғыровтың 130 жылдығы, Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдығына арналған іс-шаралар.
Сыныптан тыс іс-шаралар шеңберінде Отбасы күніне арналған «Отбасылық дәстүрлер», Еңбек күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Оқушылар «Бабалар салған ізімен»... республикалық балалар айтысына, Қазақстан Республикасының әнұранын орындау, «Дене сергіту», «Шығарма жазу: болашаққа хат», «Асық ату» және «Қазақ есебі» челлендждеріне қатысты.
Мектептерде «Өнегелі өмір», «Адал азамат-әділетті Қазақстан», «Ізгілікке қалам тартқан жас ғұмыр», «Сыбайлас жемқорлық қайдан шығады?», Қазақ космонавтикасы күні, Абай доктринасының «Толық адам», 15 қараша - ҚР ұлттық валютасы күні, «Қазақстан - біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ», «Әкеге деген құрмет - анаға деген құрмет" тақырыптарында сынып сағаттарын өткізілді.
Оқушылар, педагогикалық ұжым және ата-аналар қауымы «Мектепке жол», «Қамқорлық», «Мектепке баруға көмектесу» акцияларына қатысты.
«Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен», «Қыз намысы - Ұлт намысы» атты ата-аналар жиналыстары өткізілді.
«Ұрпаққа аманат» жобасы аясында балалар музыка және өнер мектептері, колледждердің музыка бөлімдері педагогтарының Шәкен Аймановтың мерейтойына арналған «Шабыт шаттық» және педагог-суретшілер үшін Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған «Әбілхан Қастеев: өмір, шығармашылық, мұра» VIII аймақтық орындаушылық шеберлік байқауы өткізілді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде облыс мектептерінде өткізілетін барлық іс-шаралар білім алушыларды заңға, адам және азамат құқықтарына, бостандықтарға, ата-аналарға, үлкендерге, отбасына, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге, жоғары адамгершілікке, патриотизмге, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға құрмет көрсету рухында тәрбиелеуге, сондай-ақ өмірлік дағдыларды, құзыреттерді, дербес жұмысты, шығармашылық қабілеттерді дамытуға және мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.