
Қарағанды қаласының Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясында «Құндылықтар-рухани дамудың көзі» атты облыстық тәжірибелік семинар өткізілді. Тәжірибелік семинар-кездесудің мақсаты: «ZIATKERLIK MODERNIZASIA-23» жобасы аясында және «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде ХХІ ғасыр дағдылары оқу-тәрбие үдеріс негізінде құндылықтарды оқушылар сабақта, сабақтан тыс уақытта және өмірлік тәжірибеге қолдана алатын тұлға тәрбиелеу, тәжірибе алмасу. Семинар барысында Қазақтың ұлттық аспаптарымен музыкалық әуен шырқалық, Ұлттық тағамнан дәм тату ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Қол өнер», Асыл әжелер» хоры , «Әке-асқар тау», «Қамшы өру» шеберлік сабақ, «Мектеп газеті», Экспонаттар көрмесі «Ұлттың ұлы ұстаздары» көрмесі және Әл-Фараби атындағы музейге саяхат жасалынды. «Еңбек-тәрбие жұмысының күретамыры» көрініс басталып, «Тұқымқуалайтын өзгергіштік-эволюция негізі», «Тригонометриялық формулалар», Дебат «Қазіргі жастарға патриотизм тән бе?», «Отбасы-тәрбие бастауы» тақырыптары аясында ашық сабақтар, сыныптан тыс сабақтар өткізілді. «Қазақ болып туғаныма мақтанамын», «Атамекен» әні айтылып, Q Тalks форматында «Сабақтағы және сабақтан тыс құндылықтар» шарасы өткізілді. Қала, облыс инновациялық мектептердің директорлары, орынбасарлары және жас мамандары қатысып тәжірибе алмасты.