
Ағымдағы жылдың 3 ақпанында өңірлерге жұмыс сапары аясында Қарағанды облысына Парламент Мәжілісінің депутаты А.Б.Сағандықова бастаған жұмыс тобы келді, Саран қаласында білім басқармасына қарасты №9 арнайы мектеп-интернаты мен №8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне барды. Кездесу барысында жұмыс тобының мүшелері балалардың мектеп - интернатта тұру жағдайларымен танысып, тәрбиеленушілермен және педагогтармен әңгімелесті.