
22 қаңтар күні "№2 Оқушылар сарайының" базасында Қарағанды облыс әкімінің орынбасары Құсайын Ерлан Бейсенбайұлының төрағалығымен алқалы отырыс өтті.Бұл жиынға түрлі салаға жауапты облыстық басқарма басшылары, өнер ұжымдары басшылары және облысымызды ұлттық, рухани құндылықтар негізінде дамуына үлес қосып жүрген қоғам белсенділері қатысты. Мемлекет басшысының ұсынысына сәйкес биылғы жыл "Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы"- екенін атап өту, төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек екені жайлы айтылды.
Бұл қадам қоғамды жұмылдырып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге ықпал ететіні сөзсіз.
Бұл жұмыс Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұсынымдарына сәйкес бірыңғай алгоритм бойынша жүргізілетіні жайлы Қарағанды облысының мәдениет және архивтер басқармасының басшысы Жұмакенов Еркебұлан Қайрұллаұлы атап өтті. Алқалы отырыс барысында білім, мәдениет, спорт, ауылшаруашылық, ішкі саясат, жастар ісі жөніндегі сондай-ақ кәсіпкерлік басқармасының жоспарға сай орындалатын жұмыстары да тыңдалды.Қоғам белсенділерінің тың ойлары, жаңаша пікірлері де ортаға салынып ойталқыға түсті.
Мерекеге тән ғасырлар бойы жалпы адамзаттық құндылықтарды қалпына келтіруге баса назар аударылып,
Ұлыстың ұлы күнін атап өту кезінде ұмытылып кеткен салт-дәстүрлерімізді, әдет ғұрыптарымызды жаңғырту бойынша ұсыныстар да берілді.
Наурыз мейрамын өткізуге жаңа серпіліс беру мақсатында тың идеяларға толы ұсыныстар қарастырылды. Наурыз айының әр күніне атау беріп 1 айлық жоспармен жүргізу ұсынылды. Әсерлі кездесу Оқушылар сарайының фойесінде тұрған көрмеге ұласты. Облыс көлемінде ұлттық құндылықтарды насихаттауға үлес қосып жүрген "Ханталапай" ұлттық ойындар орталығының түрлі ұсыныстары көңілге қонымды болды.Ұлттық ойындарды насихаттай отырып ол ойынның тарихтарымен таныстыру мақсатында осындай орталықтарды жұртшылыққа таныстыру да көзделді.