Төтенше жағдайлар департаменті балалардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында мектеп парламенттерінің төтенше жағдайлар министрлерімен онлайн кездесу ұйымдастырды.

Төтенше жағдайлар департаменті балалардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында  мектеп парламенттерінің төтенше жағдайлар министрлерімен онлайн кездесу  ұйымдастырды.

31 қаңтарда Төтенше жағдайлар департаменті балалардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында мектеп парламенттерінің төтенше жағдайлар министрлерімен онлайн кездесу ұйымдастырды. Біздің облысымызда Қарағанды, Балқаш, Саран, Шахтинск, Приозерск, Теміртау қалаларынан, Абай, Шет, Қарқаралы, Бұқар-Жырау аудандарынан 10 оқушы ағымдағы оқу жылынан бастап Төтенше жағдайлар министрі болып сайланды.
Департамент басшылығы жас Министрлерге мұзға шыққан балалардың қауіпсіздігі жөніндегі шаралар, жазғы демалыс кезіндегі мінез-құлық қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері туралы және Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу туралы ақпарат берді.
Іс-шара барысында балаларға құтқарушылардың қызметі туралы бейнеролик көрсетілді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.