
Әр мектеп үшін соңғы қоңырау - бұл тарихи оқиға , қуаныш пен қимастыққа толы сезім. Құлақта қалар соңғы қоңырау сыңғыры да ерекше екені аян.
Бірі бастауыш, бірі орта, бірі жоғары сыныпты аяқтап жаңа өмірге қадам басады.
Биылғы жылы оқушылар мен ұстаздар түрлі Халықаралық, республикалық білім, өнер, спорт жарыстарына қатысып қана қоймай , жеңіс тұғырынан көрініп, облысымыздың мерейін асқақтатып, өз үлестерін қосуда.
Бүкіл әлемде орын алып отырған пандемия, біздің елімізді де тыс айналмады. Ұстаздарымыз бен ата-ана оқушыларға барынша жағдай жасап, қашықтан оқу жылын аяқтадық.
Құрметті әріптестер! Әрқашан Сіздер жаңашылдыққа бейім, тың идеялар мен заманның талабына сай қажырлы еңбектеніп, қолдау білдіресіздер. Бұл еңбек Мемлекетіміздің Президенті тарапынан жоғары бағалануда.
Қарағанды облысы білім басқармасы баршаңызды оқу жылының аяқталуымен құттықтайды.