«Тәлімі мол тәлімгер» атты қашықтықтан өткізілген облыстық байқаудың қорытындысы

«Тәлімі мол тәлімгер» атты қашықтықтан өткізілген облыстық байқаудың қорытындысы

 «Тәлімі мол тәлімгер» қашықтықтан өткізілген облыстық байқауына жұмыстар 2020 жылдың 27 сәуірінен 15 мамырына дейін қабылданды.

         Байқау жұмыстарының тақырыптары: 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы; «Қоғамға қызмет» - еріктілер қозғалысын дамыту; «Табиғат бесігі» - туған жерге жауапкершілікпен және ұқыпты қарау.

2 номинация бойынша барлығы 56 байқау материалдары түсті: «Мәнерлеп оқу» - өлеңдерді және прозаны мәнерлеп оқудың бейне материалдары, «Вокалдық және музыкалық шығармашылық» - байқау тақырыбына сәйкес авторлық музыкалық шығармалардың бейне материалдары.

 

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

 

«Қоғамға қызмет» номинациясы бойынша Алғыс хаттармен марапатталады: Абдкарим Нуртуган, Осакаров ауданы әкімдігінің «Молодежный кентінің № 23 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ,  Исмагулова Акбаян Маммедқызы, Қарағанды қаласы «№4 ЖББОМ» КММ.

«Табиғат бесігі» номинациясы бойынша Алғыс хаттармен марапатталады: Серикова Айдана Ерланқызы, Жезқазған қаласы «№10 ЖОББМ» КММ;  Шәріпова Қырмызы Мұхитқызы, Ұлытау ауданы «№12 Ақтас ЖООНМ» КММ; Бақторазқызы Айгүл, Қарағанды қаласы «№74 ЖББОМ» КММ.

«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы» номинациясы бойынша:

I орын - Акаева Назира Төлеуханқызы, Жаңаарқа ауданы «Бидайық ЖОББ»; Кубешев Диас Адилханович, Жезқазған қаласы «№8 гимназия» КММ; Маркелова Елена Андреевна, «Шахтинск қаласы әкімдігінің № 1 мектеп-гимназиясы» КММ; Кубыкина Галина Валентиновна, Балқаш қаласы «№10 ЖББОМ» КММ.

II орын - Қайырқұлова Әсел Нұрболатқызы, Бұқар жырау ауданы «Ақжар негізгі мектебі»; Шекимова Ақнұр Мағазқызы, Жаңаарқа ауданы «О. Жұмабеков атындағы ЖОББМ базасындағы Тірек мектебі (РО)».

III орын – Аманжолова Мадина Болатовна, «Балқаш қаласының             №4 ЖББОМ» КММ; Цэй Зарина Дамировна, Қарағанды қаласының              «№48 ЖББОМ» КММ, Ахметжанова Динара Ермалаевна, Қарағанды қаласы «№103 мектеп-лицейі» КММ; Антонова Мария Степановна, Сәтбаев қаласы «№14 НМ» КММ;  Бөлекбаева Жарқын Жандарқызы, Қарағанды қаласы «№27 ЖББОМ» КММ.  

 

Алғыс хаттармен марапатталады:  Ахметова Айдана Жамбулбековна, Теміртау қаласы «№17 ЖББОМ» КММ; Беисова Гульден Сакеновна, Қарағанды қаласының «№4 ЖББМИ» КММ; Балтабаева Еркеназ Аманбекқызы, Балқаш қаласы «Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия» КММ.

 

Құрметті байқауға қатысушылар, дипломдар мен алғыс хаттарды «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК-нан 08.06.2020 ж. бастап алуға болады (202 каб.).