
Өтетін күні, уақыты: 21 мамыр сағат 10.00-де оқушылар арасында, 28 мамыр сағат 10.00 – де студенттер арасында.
Өтетін орны: Алиханова көшесі, 19 2 қабат.
Қарағанды облысы білім басқармасының 2020 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 21 мамыр және 28 мамыр сағат 10.00-де «Сарыарқа саңлағы» облыстық жастар жобасын іске асырудың БІРІНШІ КЕЗЕҢІН аяқтау аясында оқушылар және колледж студенттері арасында облыстық пікір-сайыс турнирінің облыстық кезеңін (қазақ және орыс тілдерінде) қашықтықтан (онлайн) түрде өткізеді. Онлайн дебат ZOOM (Cloud Meetings) бағдарламасы арқылы студенттер арасында Американдық Парламенттік формат (American Parliamentary Debate) және оқушылар арасында Карл Поппер форматы бойынша өткізіледі.
Аталған турнирге облысымыздан оқушылар арасында 30 команда және студентер арасынан 20 команда қатысады деп күтілуде.
Мақсаты: Қарағанды облысының жастары арасында азаматтық көзқарас және қазақстандық патриотизм қалыптастыру, рухани құндылықтарды дамытуға бағытталған пікірталас алаңдары, дебаттық турнирлерді жүйелі түрде өткізу арқылы Абай Құнанбаев, Әл-Фараби, тағы басқа ұлы ойшылдардың, қазақ халқының қоғам қайраткерлерінің мәдени мұраларын сақтау және арттыра түсу . Жастар арасында пікірсайыс (дебат) қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау;
АПФ қарарлары (студенттер арасында):
БП Қарағанды облысында Бірыңғай еріктілер ұйымын құрудың жаңа механизмін әзірлейді;
БП колледж студенттері бизнес пен кәсіпкерлікті құру негіздері бойынша бағдарламаны міндетті түрде меңгеруі тиіс деп есептейді;
БП мектептерде буллингпен күрестің жаңа механизмін жасайды;
БП қашықтықтан оқыту кезеңінде оқушыларға пайдалы демалыс ұйымдастыру форматын ұсынады;
БП колледждерге мамандыққа тәуелсіз Абай Құнанбаевтың шығармашылығын білуіне міндетті емтиханды енгізуін қолдайды.
Турнирдің қарарлары (оқушылар арасында):
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен, кубокпен және сыйлықпен марапатталады.
Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Команда жетекшілеріне алғыс хат беріледі.
|
№
|
Т.А.Ж. |
Лаузымы |
Тел.: Пошта: |
|
1. |
Балмакаев Саят Маратович
|
Қарағанды облысының білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы басшының орынбасары |
425533, 8 747 703 81 90 balmakaev_sayat@mail.ru |
|
2. |
Дамысхан Серикжан
|
Зертхананың меңгерушісі |
8775635090 |
|
3. |
Камен Өмірбек Каменұлы
|
Қазақ лигасының бас төрешісі |
87006797824 |
|
4. |
Назаров Гусейн Кулмамедович |
Орыс лигасының бас төрешісі |
87478947530 |
Ақпарат алу үшін тел.: 42-55-33; 8775635090
Пошта: seku_kz_87@mail.ru