Қарағанды облысының педагог-психологтарына арналған ЮНИСЕФ вебинары өтті

Қарағанды облысының педагог-психологтарына арналған ЮНИСЕФ вебинары өтті

2020 жылдың 11 мамырында Қарағанды облысының орта білім беру мекемелерінің педагог-психологтары үшін карантин кезінде психологиялық көмек көрсету бойынша ЮНИСЕФ вебинары өткізілді.

Вебинар үйлестірушісі: Кадирова Айгуль Шариповна, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) «Жасөспірімдер мен жастарды дамыту» бағдарламасының үйлестірушісі.

         Вебинардың презентаторлары:

- Абдрахманова Сымбат Нуртазаевна, психолог, ЮНИСЕФ-тің ұлттық жаттықтырушысы;

-  Грошева Елена Александровна, ЮНИСЕФ-тің ұлттық жаттықтырушысы.

Вебинарға қатысушылар коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу кезеңінде психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру бойынша орта білім беру мекемелерінің педагог-психологтарына арналған сарамандық ұсынымдармен және https://covid-19.mentalcenter.kz/ru/ веб-сайт жұмысымен танысты.

Вебинарға Қарағанды облысының 378 педагог-психологы қатысты. YouTube арнасында 613 қаралымды жинады.