
28 сәуірден бастап Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы оқушылардың мамандық таңдауына көмек көрсетуге бағытталған «Кәсіптік бағдар сағаты» онлайн-вебинарларын іске қосты. 10 маусымға дейін облыс колледждері SABAK.KZ. платформасында өз жұмыстарын таныстырады. Қатысушылар презентациялармен таныса алады және өзіне керек мамандықты таңдауға мүмкіндік алады.
Ақпараттық әдіс білім алушыларды қазіргі заманғы мамандықтар, колледждер туралы, еңбек нарығы және өз мансабын қалай жоспарлау туралы әртүрлі шынайы ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мақсатта таныстырылым вебинарларын өткізу қажеттілігі айқындалды.
Бекітілген кестеге сәйкес колледж онлайн форматта, бейнероликтер, презентациялар және электронды буклеттер арқылы кәсіптік бағдар беру жұмыстарын көрсетеді. Әрбір колледжге өз тәжірибесін көрсету үшін 20 минуттан беріледі. Сондай-ақ вебинар қатысушыларымен сұхбат SABAK.KZ. платформасының чаты арқылы кері байланыс жүргізіледі. Вебинарлар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 12.00-де өтеді. Оқушылар мен олардың ата-аналары қатыса алады.
Таныстырылымдарда интерактивті және технологиялық әдістері сақталады. Ақпарат қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Бұл ретте мамандықтардың сұранысқа ие болуына, жұмыс берушілермен ынтымақтастыққа және одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылады.
Жобаға облыстың 45 мемлекеттік және 15 жеке колледж қатысады.