«Онлайн-мектеп» модулін қолдану бойынша онлайн-тренинг

«Онлайн-мектеп» модулін қолдану бойынша онлайн-тренинг

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Bilim Media Group» компаниясымен бірлесе отырып 2020 жылдың 21-24 сәуір аралығында www.bilimland.kz электронды оқыту платформасында жаңа «ОНЛАЙН-МЕКТЕП» модулін қолдану бойынша Қарағанды облысының әдіскерлері мен мектеп мұғалімдеріне және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына онлайн-тренинг өткізуде.

Bilimland.kz электронды платформасында:

- 42000 бейнесабақ;

- 220000 жаттығу

- 980000 үй жұмысы мен тест тапсырмалары бар.

Сәуір айының 22 күні өткен онлайн-тренингке 372 тыңдаушы қатысты. Оның ішінде:

Жезқазған қаласы – 89 мұғалім,

Қарағанды қаласы  – 121 мұғалім,

Қаражал ауданы – 54 мұғалім,

Қарқаралы ауданынан – 31 мұғалім,

Нұра ауданынан – 77 мұғалім.