2023 ж. Республикалық "Үздік педагог" конкурсын өткізу бойынша енгізілген өзгерістер туралы

2023 ж. Республикалық "Үздік педагог" конкурсын өткізу бойынша енгізілген өзгерістер туралы

«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 2 маусымы күнгі №157 бұйрығымен мынадай өзгерістер енгізілді:

Конкурстың I кезеңі ағымдағы жылғы шілдеде өткізіледі, онда                               ІІ кезеңге қатысу үшін Конкурстық комиссия ұсынған аудан, қала деңгейінде Конкурс жеңімпаздары айқындалады. Өңірлік комиссия шешімінің қорытындылары бойынша 100 (жүз) балдың кемінде 80 (сексен) пайызын жинаған 10-ға  (он) дейінгі Конкурсқа қатысушы Конкурстың І кезеңінің жеңімпаздары болады. ІІ облыстық кезеңі тамыз айында, ал ІІІ республикалық кезеңі  қыркүйек айында өтеді. Сондай-ақ, «Үздік педагог» конкурсына меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.

Облысымыздың үздік педагогтерін осы конкурсқа қатысуға шақырамыз.