ROBOLAND 2022» VII робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі

ROBOLAND 2022» VII робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі

2022 жылдың 4-5 қарашада оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуға, техникалық пәндерді дәріптеуге, білім беру робототехникасының мүмкіндіктерін көрсетуге жәрдемдесу үшін Қарағандыда «ROBOLAND 2022» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың VII фестивалі өтеді.

ROBOLAND - Қазақстандағы алғашқы және ірі робототехникалық жоба, техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялардың ең ауқымды форумы.

2015 жылы алғашқы  «ROBOLAND» фестивалінде 5 номинация бойынша 30 команда жарысты. «ROBOLAND-2015» республикалық фестивалін өткізу қорытындысы бойынша, халықаралық деңгейге ауысты. «ROBOLAND 2016» Ресей, Сербия және Қазақстанның 12 өңірінен 200-ден астам команда мен 400 қатысушы жинады.

Коронавирустық пандемияға байланысты шектеулерден кейін ROBOLAND фестивалі дәстүрлерді қайта жандандырып, есігін ашады. 2022 жылы жарыс 16 санатта өтеді, оның бір бөлігі фестиваль алаңында бірінші рет өтеді. Фестивальді ұйымдастыруда тіркеу мен қорытындылаудың электрондық жүйесі, сондай-ақ тәуелсіз кәсіби төрешілер алқасы өзгеріссіз қалады.

Өткізу уақыты мен орны: 4-5 қараша 2022 жылы, Қарағанды қ-сы, Казахстанская көшесі 1/4, «Шахтер» орталық стадионы, «Жастар» спорт кешені. Фестивальдің басталуы  4 қараша 2022 жылы 10.00 сағ.

Қосымша ақпарат алу үшін: www.roboland.kz

Тел./факс: +7 (7212) 41 51 94

Моб. тел.: +7 776 251 04 22

E-mail: roboland.kz@gmail.com