15 наурызда білім басқармасының басшысы Г. Қожахметованың төрағалығымен Қарағанды, Саран, Шахтинск қалаларының, Абай және Қарқаралы аудандарының ата-аналар қауымдастығымен онлайн кездесу өтті.
Аталған өңірлердің 180 000 - нан астам баласына «Қарағанды облыстық психологиялық - медициналық - педагогикалық кеңесі» КММ қызмет көрсетеді. Жыл сайын Қарағанды ПМПК облыстың білім беру ұйымдарында 80 - ге жуық көшпелі отырыс өткізеді. Осы ретте 2000 - ға жуық мүмкіндігі шектеулі бала алғаш рет анықталып отыр. Ай сайын ПМПК - да ерекше білім беру қажеттіліктері бар 200 - ге жуық бала қаралады.
Қарағанды ПМПК - да пәнаралық мамандар командасының екі құрамы бар (дәрігерлер: психиатрлар, невропатологтар, офтальмолог; педагогтар: сурдопедагог, тифлопедагог, психолог, логопедтер, дефектологтар, әлеуметтік педагогтар; медициналық статистер, тіркеушілер). Балаларды қабылдау екі ауысым режимінде сағат 9.00 - ден 18.00 - ге дейін жүзеге асырылады.
Жыл сайын Қарағанды ПМПК - мен ата - аналарының шешімі бойынша балалардың ең көп саны арнайы мектеп - интернаттарға, жалпы білім беретін мектептердің арнайы сыныптарына, балабақшалардың арнайы топтарына, психологиялық - педагогикалық түзету кабинеттеріне, оңалту орталығына, инклюзивті оқытуға жіберіледі.
Кездесу кезінде ата - аналармен ашық диалог өтті. Іс - шара барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата - аналары тап болатын мәселелер талқыланды. Кездесу барысында балалардың білім алуына байланысты сұрақтардан бастап оқу үрдісіндегі қиындықтарға және уақтылы түзету - педагогикалық көмек алуға байланысты сұрақтар қойылды.
19 наурызда «Теміртау қ. №2 Қарағанды облыстық психологиялық - медициналық - педагогикалық кеңесі» КММ қызмет көрсететін Нұра, Осакаров, Бұқар Жырау аудандарының ата - аналар қауымдастығымен кезекті кездесу өтеді.