"Жас маман" жобасына облыстың 15 колледжі (2020 ж.-7, 2021 ж.-8) көлік, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, сервис және т. б. бағыттары бойынша қатысуда.
Жобаның мақсаты 100 аса сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждер мен жоғары оқу орындарын жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады. Жобаның операторы "Талап" КЕАҚ болып табылады.
Жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 4 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді, оның ішінде 2020 жылға – 2,2 млрд. теңге (2 млрд. 263 млн. 184 мың теңге), 2021 жылға – 2,4 млрд. теңге(2 млрд. 373 млн. теңге).
Өткен жылы бұл колледждерде 376,6 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. 7 колледж 1,8 млрд.теңге немесе 98,8% сомасына жабдықтарды сатып алуды және жеткізуді аяқтады.
Нәтижесінде 7 колледждің 68 шеберханасы негізінен АҚШ, Италия, Германия, Швеция, Франция, Австрия шығарған әлемдік брендтердің заманауи жабдықтарымен жабдықталды.
Жабдықтардың тізімі WorldSkills стандарттары ескеріле отырып және кәсіпкерлер Палатасының, сондай-ақ, жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде қалыптастырылған.
Сонымен қатар, аталған колледждердің 190 педагогы оқудан өтіп, сертификат алды.
2020 жылдың қорытындысы бойынша жоба шеңберінде 7 құзыреттілік орталығы құрылды. Осындай 8 орталық ашу жоспарлануда. Аталған орталықтардың ресурстары оқу процесінде, демонстрациялық емтихандарды өткізу үшін және WSK-ге дайындық кезінде қолданылатын болады.
Орталықтардың әлеуеті коммерцияландыру үшін мүмкін болатын жобаларды іске асыруға да мүмкіндік беріп отыр.