Мектепке дейінгі білім беру
Қарағанды облысында 39,6 мың баланы қамтитын 411 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Білім саласының негізгі міндеттердің бірі - 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтудың 90% қамтамасыз ету. 2022 жылы 1 974 жаңа орын құрылды, оның ішінде 610 орындық 10 жаңа балабақша ашу және жұмыс істеп тұрған балабақшаларды 1 364 орынға кеңейтілді. Нәтижесінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту үлесі 76,8% - дан 79,5% - ға дейін өсті.

2023 жылы 1 444 жаңа орын ашу жоспарлануда, мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту 82,6% құрайтын болады.
Ағымдағы жылдың басынан бастап бір балаға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері АЕК түзету коэффициентін және жалақының ұлғаюын ескере отырып, 41 718 теңгеден 46 189 теңгеге (4 471 теңгеге) дейін ұлғайды.
Мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттарын ұстауға байланысты шығындар, сондай-ақ қызметкерлердің жалақысы, салықтар, коммуналдық қызметтер, тауарлар мен қызметтерді сатып алу жан басына шаққандағы қаржыландыру нормаларына сәйкес жүргізіледі.
Сонымен қатар, 1 мамырдан бастап әлеуметтік осал отбасылар санатына жататын мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр, оған 30,5 млн.теңге бөлінді.


