Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Орналасқан орны (мекен-жайы): Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі, 21/2, тел. 8 7212 412242

санаты

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы (теңге)

бастап

дейін

А1-2

144 230

175 200

Функционалдық міндеттері: Оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік – шаруашылық және қаржы-экономикалық жұмыстарын қолданыстағы заңнамаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес, қабылданған шешімдердің салдарына толық жауапкершілікті өзіне ала отырып басқарады. Іргелі және қолданбалы сипаттағы маңызды ғылыми проблемалар бойынша зерттеулердің жүргізілуіне ғылыми басшылықты жүзеге асырады және қатысады. Зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа бағыттарын қалыптастырады, оларды жүргізудің әдістері мен құралдарын анықтайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларын қалыптастыруға қатысады, басқа ұйымдардағы бірігіп орындаушылардың қызметін үйлестіреді. Интеллектуалды жарыстар өткізудің әдістемелері мен формаларына талдау жүргізеді, әзірлейді және оны ғылыми негіздеуді жүзеге асырады; дарынды балалар мен жастардың дамуын анықтау бойынша психикалық диагностикалық және түзету қызметінің технологияларын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етеді. Қосымша білім беретін мектептер жұмысының оң тәжірибелерін қорытындылайды және таратады, семинарларды, дарынды балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарындағы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Ғылыми-әдістемелік материалдардың жариялануын қамтамасыз етеді.
Жұмыс берушілер және демеушілермен жүргізілетін жұмысты үйлестіреді. Қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу- материалдық базаны толтыруды және оның есебі мен сақталуын, санитарлық-гигиеналық ережелер режимін және еңбекті қорғау ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейімен қамтамасыз етеді, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен жүргізілетін жұмысты үйлестіреді. Қоғамдық және өзге де ұйымдарда жоғары тұрған білім беру ұйымдарын таныстырады, қажетті есептілікті дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

Үміткерлерге қойылатын талаптар: білімі – жоғары, білім беру ұйымындағы немесе оқу орнының бейініне сәйкес ұйымдарында басшы лауазымда еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Білуі қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасындағы Азаматтық кодексті, Қазақстан Республикасындағы Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы » Заңдарын және аталмыш санаттың лауазымы бойынша функционалдық міндеттерді атқару үшін қажетті өзге де нормативтік –құқықтық актілерді білуі.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығының  негізінде өткізіледі. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күннің ішінде қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті мәліметтерді мына мекен –жай бойынша білуге болады: 100008, Қарағанды қаласы, Ә. Әлиханов көшесі, 19. Қарағанды облысының білім басқармасы, 4 кабинет, анықтама үшін телефон: 41-22-42.

Дата публикации
15 февраля 2021
Дата обновления
15 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 апреля 2026
2026 жылдың I тоқсаны бойынша Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулі шеңберінде бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері
Пайдалы ақпарат
28 января 2026
Азаматтардың өтініштері бойынша өзекті сұрақтар мен ресми жауаптар
Мақалалар
30 декабря 2025
2025 жылға арналған «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулі шеңберінде бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуына мониторинг нәтижелері

Социальные медиа

Инстаграм
Файсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы