Қарағанды облысы білім басқармасының "Мұрагер" мамандандырылған мектеп - интернаты оқушысы республикалық 100 үздік оқушы қатарында
✍ ЖАНТАСОВ ДАУЛЕТ, "Мұрагер" мамандандырылған мектеп - интернатының 7 С сынып оқушысы, «ҚР 100 ҮЗДІК ДАРЫНДЫ ОҚУШЫ» республикалық байқауында І дәрежелі диплом және төсбелгімен марапатталды. "Менің болашақ мамандығым" тақырында ағылшын тілінде жазған эссе жұмысы үздік таңылып жинаққа енді. Оқушының жетекші-ұстазына, ата-анасына Алғыс хат табысталды.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Республикамыздың дарынды жастарының арасында байланыс орнату және оқушылардың ғылыми әлеуетін күшейту инновациялық идеяларын кеңейте отырып үздіктерін анықтау!
Дарынды оқушымызды және мектеп ұжымын құттықтаймыз!