Облыста Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Тестілеу 2021 жылғы 20 - 30 қаңтар аралығында қатаң санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтай отырып, 13 ҰБТ өткізу пункт базасында өтеді.
ҰБТ-ға қатысу үшін биылғы жылы облыс мектептері түлектерінен 6 335 өтініш және бірінші академиялық оқу кезеңі аяқталғанға дейін (шартты түрде оқуға қабылдау) ЖОО-ға қабылданған студенттерден 580 өтініш түсті.
Қаңтар айындағы ҰБТ карантинге байланысты және коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның келісімімен 11 лек бойынша өтеді.