2021 жылғы 14 қаңтарда сағат 18.00-де ZOOM режимінде Қарағанды облысының Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінің өкілдерімен тестілеуге дайындық мәселелері бойынша онлайн кездесу өтті.
Кездесуге 11 сынып оқушылары, ата-аналар қауымдастығы, аудандық және қалалық білім бөлімдері қатысты.
Кездесу барысында аудитория 2021 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларымен таныстырылды, сондай-ақ оқушылар мен ата-аналардың ҰБТ туралы сұрақтарына жауап берілді.