Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Онлайн бюджет мониторингі» модулі аясында бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына мониторинг жүргізуде.
Бюджет қаражатының білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт салаларында жалақы төлеуге бағытталған мақсатты пайдаланылуын бақылауды күшейту мақсатында жалақы төлемдеріне тәуекел бейіні бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. Тәуекел расталған жағдайда, дереу шаралар қабылдау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісін, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін және оның аумақтық органдарын хабардар ете отырып, мониторинг объектісіне ден қою-хаттар жіберіледі.
2025 жылдың қаңтарынан мамырына дейінгі кезеңде ОБМ арқылы жалақы төлемдерін мониторингтеу нәтижесінде 2249 төлем қамтылды (1928 – білім беру саласында, 159 – дене шынықтыру және спорт саласында, 124 – денсаулық сақтау саласында, 38 – мәдениет саласында), жалпы төлем сомасы 917,5 млн.теңгені құрады (білім беру – 790 608,7 мың теңге, спорт – 88 196,8 мың теңге, денсаулық сақтау – 23 427,1 мың теңге, мәдениет – 15 221,6 мың теңге), оның ішінде білім беру саласындағы 400 төлем бойынша 18,5 млн.теңгеге тәуекелдер расталды, оның 9,5 млн.теңгесі бюджетке қайтарылды, қалған сома кесте бойынша өтелуде.