Қолайсыз метеожағдайлар кезінде сабақтарды тоқтату туралы

        Ата-аналар мен оқушыларды уақтылы хабардар ету мақсатында орта білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату жөніндегі ақпарат білім бөлімдері мен білім басқармасының Telegram-каналында 1 ауысым үшін сағат 6.45-те, 2 ауысым үшін сағат 11.15-те орналастырылатын болады. Орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында қолайсыз ауа райы метеожағдайларында (ҚР БҒМ 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 42 бұйрығы) сабақтарды тоқтату қағидалары негізінде оқу бағдарламаларын толық көлемде өтуге және білім сапасының төмендеуіне жол бермеу үшін сабақтарды тоқтату кезінде штаттық оқыту режимі бар мектептерде және кезекші сыныптарда сабақтар қашықтықтан оқыту форматында өткізілетін болады.

Дата публикации
04 декабря 2020