Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңдарына сәйкес Қарағанды облысының білім басқармасы Қарағанды облысы әкімдігінің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2025 - 2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында www.legalacts.egov.kz сайтында орналастырылған.