Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңдарына сәйкес Қарағанды облысының білім басқармасы Қарағанды облысы әкімдігінің «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында www.legalacts.egov.kz сайтында орналастырылған.