Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы 12 тамыздағы "Көрсетілетін қызметті алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, балаларға арналған қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (шығармашылық және спорттық тапсырыстар, қосымша білім беруге білім беру тапсырысы) орналастыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы" №44/02 қаулысы

Көрсетілетін қызметті алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, балаларға арналған қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (шығармашылық және спорттық тапсырыстар, қосымша білім беруге білім беру тапсырысы) орналастыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Білім туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің № 251-НҚ, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің № 125, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің № 75, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің № 266/НҚ  2025 жылғы 28 мамырдағы «Көрсетілетін қызметті алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, балаларға арналған қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (шығармашылық және спорттық тапсырыстар, қосымша білім беруге білім беру тапсырысы) орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Көрсетілетін қызметтерді алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, балаларға арналған қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (бұдан әрі – БМТ) орналастыру жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі - Пилоттық жоба) «Қарағанды облысының білім басқармасы», «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы», «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемелері іске асырсын.
  2. Әмбебап ваучер аясында қызмет көрсететін ұйымдардың тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. БМТ шеңберіндегі базалық норматив пен түзету коэффициенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  4. Кезектілік санаттары осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  5. Белгілі бір сабақ түрлері (үйірмелер/секциялар) бойынша жабдықталу (инвентарь, үй-жай) критерийлері осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  6. Пилоттық жобаны іске асыру мақсатында БМТ көлемі осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  7. Қызмет алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, балаларға арналған қосымша білім беруге (шығармашылық және спорттық тапсырыстар, қосымша білім беруге білім беру тапсырысы) БМТ қаржыландыру жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
  8. Қарағанды облысы әкімдігінің «Көрсетілетін қызметті алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, балаларға арналған қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (шығармашылық және спорттық тапсырыстар, қосымша білім беруге білім беру тапсырысы) орналастыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  9. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қарағанды облысының әкімі                                                                                                            Е. Бөлекпаев

Қосымша 1
Дата публикации
21 августа 2025