АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БОС ЛАУАЗЫМЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БОС ЛАУАЗЫМЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

 

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№19 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, 003 есептік орам, №22 құрылыс, қызмет түрі: білім беру.

 

     Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, бастауыш, негізгі орта, орта, білім беру ұйымдарының басшысы (директоры) үшін: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;

немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.

осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

Білуге міндетті:  ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды білуге міндетті.

Бастауыш, негізгі орта, орта, білім беру ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері

Білім беру ұйымы қызметінің барлық түрлеріне оның жарғысына және басқа да нормативтік актілерге сәйкес басшылық жасайды. Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын және өзге де актілерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру ұйымы қызметкерлерінің басқару құрылымын, штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулықтарын, жұмыс уақытын есепке алу табелін бекітеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасын, аумақтарды дамыту бағдарламасын, білім беру ұйымының даму стратегиясын және Қарағанды облысы білім басқармасының өзге де бағдарламалық құжаттарын сақтауға дербес жауапты болады.

Лауазымдық жалақының мөлшері:

- орта білім беру ұйымының басшысына 158 874 теңгеден 192 631 теңгеге дейін.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар төменде көрсетілген мекенжай бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 100008, Қарағанды қ., Ә. Әлиханов көш., 19.  Қарағанды облысының білім басқармасы, 4 каб., анықтама  үшін  телефон: 41-22-42, электронды пошта kadr.otdel-kadr@yandex.ru.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) бұйрықпен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өткені туралы сертификат;

10) КазТест тапсырғаны туралы тертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес);

11) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

12) түйіндеме;

13) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

 

Конкурсқа қатысу үшін кандидат қосымша конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми жетістіктері туралы материалдарды ұсынады. зерттеу, өз педагогикалық тәжірибесін жалпылау, марапаттар, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпарат (олар болған кезде).

Тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну 4), 5), 6) 7), 8) 9) көрсетілетін қызметті берушіде оларды алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Тиісті ақпараттық жүйелер 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады. Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін жадынамамен таныстырады. Байқаушылар конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін конкурс жариялаған мемлекеттік органның басшылығына жазбаша нысанда ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті  мәліметтерді мына мекенжай бойынша білуге болады: 100008, Қарағанды қ., Ә. Әлиханов көш., 19.  Қарағанды облысының білім басқармасы, 4 каб., анықтама  үшін  телефон: 41-22-42.

 

 

 

 

                                                                                                

Дата публикации
13 мая 2025