Мемлекеттік білім беру тапсырысын арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша орналастыру туралы хабарландыру

2025 жылғы 07 наурыздағы Комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы 6 ұйым арасында бөлінді:

 

  1. «Жаңа күн» мүгедек балалардың ата-аналарының қоғамдық бірлестігі, мекенжайы: Қарағанды қ., Мұқанов көшесі, 9/3 – 40 орын (1-типология – 10 орын, 2-типология – 30 орын);
  2. «Aqylsana» қоғамдық қорының «Balpan» түзету-дамыту орталығы, мекенжайы: Қарағанды қ., Крылов көшесі, 17/5 – 100 орын (3-типология);
  3. ЖК «Ақбергенова» «ZEІN» психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, мекенжайы: Қарағанды қ., Шығыс-1 ықшам ауданы, 4 үй – 45 орын (1-типология – 20 орын, 2-типология – 10 орын, 3-типология – 15 орын);
  4. ЖК «Балалар дамыту орталығы», мекенжайы: Теміртау қ., Республика даңғылы, 16В – 40 орын (1-типология – 10 орын, 2-типология – 30 орын);
  5. ЖК «Құрманбаева» «@Smart School» білім беру-түзету орталығы, мекенжайы: Теміртау қ., Республика даңғылы, 77 – 45 орын (1-типология – 10 орын, 2-типология – 20 орын, 3-типология – 15 орын);
  6. «Наши умняши» түзету-дамыту орталығы, мекенжайы: Теміртау қ., Металлургтер даңғылы, 30 – 30 орын (2-типология – 10 орын, 3-типология – 20 орын).

Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша ұйымдармен мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы келісімшарттар жасау жұмыстары жүргізілуде.

Дата публикации
17 марта 2025