Арнайы және инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін жағдай жасау туралы

Облыста ерекше білім беру қажеттіліктері бар 19 886 мың бала бар (2023 жылы – 14 788).

Арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау мен ерте түзетумен 17 043 бала (85,7%) қамтылған, оның ішінде:

  • мектепке дейінгі ұйымдарда – 3 295;
  • арнайы білім беру ұйымдарында – 10 875;
  • ТжКБ ұйымдарында – 929;
  • арнайы білім беру ұйымдарында – 1 774;
  • жетім балаларға арналған ұйымдарда – 92;
  • мамандандырылған білім беру ұйымдарында – 64;
  • жоғары оқу орындарында – 14.

Облыста 10 арнайы мектеп-интернат (Қарағанды қ. – 5, Теміртау – 2, Шахтинск, Сарань, Балқаш – әрқайсысы 1), 3 арнайы балабақша (Теміртау қ. – 2, Абай ауданы – 1), 6 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (Қарағанды қ. – 3, Теміртау, Балқаш, Шахтинск – әрқайсысы 1), 10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (Қарағанды қ. – 3, Теміртау, Шахтинск, Сарань, Балқаш, Осакаров, Қарқаралы, Абай аудандары – әрқайсысы 1), 2 оңалту орталығы (Қарағанды, Теміртау қалалары), 1 аутизмі бар балаларды қолдау орталығы (Қарағанды қ.) жұмыс істейді.

2025 жылы Бұқар-Жырау ауданында түзету кабинетін ашу жоспарланған.

21 мектепке дейінгі ұйымда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 69 арнайы топ жұмыс істейді (сөйлеу қабілеті бұзылған, көру қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген, интеллектісі бұзылған), онда 683 бала тәрбиеленуде.

Облыстың 14 мектебінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 47 арнайы сынып бар (интеллектуалдық даму бұзылыстары, психикалық дамудың тежелуі), онда 354 бала оқиды.

2024 жылы облыста алғаш рет ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы іске асырылды. Жалпы 300 бала қамтылды:

  1. «AQYLSANA» қоғамдық қоры, «Balpan» түзету-дамыту орталығы, мекенжайы: Қарағанды қ., Крылов к-сі, 17/5 – 150 бала;
  2. ЖК «Ақбергенова», «ZEІIN» психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, мекенжайы: Қарағанды қ., Восток-1 мкр., 4-үй – 50 бала;
  3. ЖК «Балалар даму орталығы», мекенжайы: Теміртау қ., Республика даңғылы, 16В – 50 бала;
  4. ЖШС «Курманбаева», мекенжайы: Теміртау қ., Республика даңғылы, 77 – 50 бала.

2025 жылы 300 орындық мемлекеттік білім беру тапсырысы келесі ұйымдарға орналастырылады:

  1. «Жаңа күн» мүмкіндігі шектеулі балалар ата-аналарының қоғамдық бірлестігі, мекенжайы: Қарағанды қ., Мұқанов к-сі, 9/3 – 40 орын (1 типология – 10 орын, 2 типология – 30 орын);
  2. «AQYLSANA» қоғамдық қоры, «Balpan» түзету-дамыту орталығы, мекенжайы: Қарағанды қ., Крылов к-сі, 17/5 – 100 орын (3 типология);
  3. ЖК «Ақбергенова», «ZEІIN» психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, мекенжайы: Қарағанды қ., Восток-1 мкр., 4-үй – 45 орын (1 типология – 20 орын, 2 типология – 10 орын, 3 типология – 15 орын);
  4. ЖК «Балалар даму орталығы», мекенжайы: Теміртау қ., Республика даңғылы, 16В – 40 орын (1 типология – 10 орын, 2 типология – 30 орын);
  5. ЖК «Курманбаева», @Smart school білім беру-түзету орталығы, мекенжайы: Теміртау қ., Республика даңғылы, 77 – 45 орын (1 типология – 10 орын, 2 типология – 20 орын, 3 типология – 15 орын);
  6. «Наши умняши» түзету-дамыту орталығы, мекенжайы: Теміртау қ., Металлургтер даңғылы, 30 – 30 орын (2 типология – 10 орын, 3 типология – 20 орын).

Облыста инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалған балабақшалар – 89% (411-дің 366-сы); мектептер – 93% (404-тің 375-і); колледждер – 85% (52-нің 44-і).

Облыста инклюзияны қолдаудың 2 облыстық ресурстық орталығы және 6 қалалық/аудандық орталық жұмыс істейді. 54 ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеті бар. 2025 жылы тағы 2 кабинет (Балқаш, Теміртау) ашу жоспарлануда.

Облыста 427 инклюзивті білім беру педагогі жұмыс істейді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үшін 326 педагог-ассистент (2023 жылы – 276) еңбек етуде. Білім министрлігі ерекше қажеттіліктері бар балаларға жеке көмекшілер енгізу мәселесін қарастыруда.

Инклюзивті білім беру педагогтарына арнайы оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету үшін 2024 жылға 45 млн. теңге (2025 жылға – 48 млн теңге) бөлінді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік бейімдеу және болашаққа дайындау маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Осыған байланысты колледждерде білім алу және оларды жұмысқа орналастыру мәселесіне ерекше назар аударылуда.

2022-2023 жылдары «Қазақстан халқына» қоры 10 арнайы мектепте 330 млн. теңге оқу кабинеттерін, шеберханаларды, зертханаларды, спорт және акт залдарын жабдықтады. 2024 жылы осы қор 488 млн. теңге бөлініп, арнайы мектеп-интернаттар мен балаларды қолдау орталықтарының аумағын абаттандыру жобасын жүзеге асырды.

Сондай-ақ, «Дара» қоры, «Шеврон» компаниясы және Білім министрлігі серіктестігінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға ерте қолдау көрсету қызметтерін дамытуға бағытталған «Мүмкіндіктер уақыты» жобасы жүзеге асырылуда.

Telegram-каналда (1565 қатысушы) ата-аналармен тұрақты байланыс орнатылған. Сондай-ақ, облыс әкімі қатысуымен тоқсан сайын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен кездесулер өткізіледі.

Арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы жұмыс тұрақты бақылауда.

Дата публикации
11 марта 2025