Республикалық «Үздік педагог-2024» конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы

Республикалық «Үздік педагог-2024» конкурсының

облыстық кезеңінің қорытындысы

 

Педагогтердің кәсіби шеберлігі мен жетістіктері, олардың шығармашылық қабілеттері бағаланатын "Үздік педагог" республикалық байқауының облыстық кезеңі мәресіне жетті. Бұл байқау педагог мәртебесін көтере отырып, мұғалімдердің өз шеберлігін жетілдіруге мүмкіндік береді, олардың құзыреттерін дамытуға, күнделікті жұмысының нәтижесін көруге, өз рейтингтерін арттыруға мүмкіндік береді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің арнайы «Үздік ұстаз» ақпараттық жүйесі арқылы веб-порталда цифрланған түрде жүзеге асырылды.

Биыл байқаудың облыстың кезеңінде 40 үздік педагог бағын сынады. Өңірлік конкурстық комиссия педагогтердің тәжірибелерін саралап, бағасын берді. Нәтижесінде, облысымыздың 10 педагогінің жұмысы үздік деп танылып, жоғары ұпай санына ие болды.

Өңірлік кезең конкурсының жеңімпаздары дипломдармен, Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі» заңына сәйкес сыйақымен, ал барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталады.

Марапаттау салтанаты Қазақстан Республикасы күні  қарсаңында өтетін болады.

Қарағанды облысының 2024 жылғы «Үздік педагогтері» :

  • Цемох Светлана Михайловна, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі;
  • Романовская Лариса Валерьевна, Қарағанды қаласы білім бөлімінің 97 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып  мұғалімі;
  • Амангельдинова Багдат Ибрахимовна, Қарағанды қаласы білім бөлімінің Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
  • Нурмагамбетов Серикбай Карсакович – Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің Ақжар негізгі мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
  • Ким Елена Олеговна, Балқаш қаласы білім бөлімінің Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінің  бастауыш сынып мұғалімі;
  • Ткачева Марина Анатольевна, Абай ауданы білім бөлімінің Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-қосымша білім беру орталығының бастауыш сынып мұғалімі;
  • Жапабаева Меруерт Секербаевна, «№1 Білім-инновация» мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі;
  • Идрисова Меруерт Абильтаевна, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы;
  • Зейтова Анар Амантаевна, Абай ауданы білім бөлімінің П.Корниенко атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі;
  • Ибраева Жулдыз Багеновна – Қарағанды облысы білім басқармасының Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының информатика пәнінің мұғалімі.

 

 

 

Дата публикации
01 октября 2024