АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Кәусар» оқушылар сарайы» директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Ұйымның орналасқан жері: Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Методическая көшесі, 63 құрылыс, қызмет түрі: білім.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
Балаларға қосымша білім беру ұйымы үшін: тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл, қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл; немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының екінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "білім беру ұйымы" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы", "басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары" біліктілік санатының болуы; осы тармақтың 2,3-азатжолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Білуге міндетті: ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, ҚР "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, ҚР "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын, балаларға қосымша білім беру ұйымының жұмыс бейіні және оның ерекшеліктері, педагогика және психология, экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.
Балаларға қосымша білім беру ұйымы басшысының (директоры) лауазымдық міндеттері:
Лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдарын ұйымның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағ әлеуметтік, қосымша білім беретін коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара әрекетін ұйымдастырады. Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды.Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; педагогика және психология негіздері; қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; педагогикалық этиканың нормалары; басқарудың инновациялық әдістері; экономика негіздері, Қаржы-шаруашылық қызмет мәселелері; құқық негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары; компьютерлік сауаттылық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздері.
Лауазымдық жалақының мөлшері:
- қосымша білім беру ұйымының басшысына 155 158, 45 теңгеден 183 031,22 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар төменде көрсетілген мекенжай бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 100008, Қарағанды қ., Ә. Әлиханов көш., 19. Қарағанды облысының білім басқармасы, 4 каб., анықтама үшін телефон: 41-22-42, электронды пошта kadr.otdel-kadr@yandex.ru.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) бұйрықпен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) біліктілік тестілеуінің сертификаты;
10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме;
12) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі.
13) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат қосымша конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми жетістіктері туралы материалдарды ұсынады. зерттеу, өз педагогикалық тәжірибесін жалпылау, марапаттар, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпарат (олар болған кезде).
Тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну 4), 5), 6) 7), 8) 9) көрсетілетін қызметті берушіде оларды алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Тиісті ақпараттық жүйелер 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады. Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін жадынамамен таныстырады. Байқаушылар конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін конкурс жариялаған мемлекеттік органның басшылығына жазбаша нысанда ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті мәліметтерді мына мекенжай бойынша білуге болады: 100008, Қарағанды қ., Ә. Әлиханов көш., 19. Қарағанды облысының білім басқармасы, 4 каб., анықтама үшін телефон: 41-22-42.