Қарағанды облысының білім басқармасы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 532 бұйрығына және «Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы пихологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2024 жылғы 23 ақпандағы №11/02 қаулысына сәйкес өткізілетін 2024 жылға арналған мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қосымша орналастыру конкурсына бойынша қатысу үшін құжаттар қабылдайды.
Конкурсқа меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау жөнінде қызметтер көрсететін, қызметінің басталғаны туралы хабардар еткен және «Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №532 бұйрығына сәйкес шарттарды қамтамасыз еткен ұйымдар қатысуға жіберіледі.
2 типологиялық топ бойынша 2024 жылға мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік тапсырыс көлемі 150 орынды құрайды.
|
№ |
Топтардың типологиясы |
Балалар саны |
|
1 |
1-топ-сөйлеудің, қозғалыс саласының өрескел бұзылулары бар (өздігінен қозғалатын, ақыл-ойы сақталған); мінез-құлқының бұзылуы мен қиындықтары, психикалық дамуы тежелген, көру қабілеті нашар, есту қабілеті нашар балалар. Көмек көлемі-минималды: бір маманның көмегі (логопед немесе психолог немесе дефектолог); көмек ұзақтығы жылына 90 күннен басталады |
50 |
|
2 |
2-топ-мүмкіндігі шектеулі, тірек-қимыл аппараты бұзылған (көмекші құралдардың көмегімен қозғалатын, сөйлеу қабілеті бұзылған, бірақ ақыл-ойы сақталған), есту және көру қабілеті терең бұзылған (көрмейтін, естімейтін), сөйлеудің ауыр бұзылулары, жеңіл және орташа дәрежелі интеллект бұзылыстары, қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-қимыл бұзылыстары (аутизм); Көмек көлемі-орташа: екі маманның көмегі (логопед және психолог немесе дефектолог және логопед немесе логопед және емдік дене шынықтыру нұсқаушысы (бұдан әрі – ЕДШ)); көмек ұзақтығы жылына 180 күннен басталады |
100 |
|
|
БАРЛЫҒЫ |
150 |
Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 26 шілде - 01 тамыз аралығында (қоса алғанда), Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 19 мекенжайы бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Ұйымдар басшы қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды (тігілген және нөмірленген) электрондық форматта немесе мүмкіндігі болмаған кезде құжаттарды қағаз форматта білім басқармасы кеңсесінің Karuo@krg.gov.kz электрондық поштасына жібереді.
Байланыс телефондары: 8 /7212/ 412288, 87079205315.