Ағымдағы жылдың 29 мамырында облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайынның төрағалығымен 2024-2025 оқу жылына арналған колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Комиссия 36 колледжде 83 мамандық бойынша орта буын мамандарын және қолданбалы бакалаврды даярлауға, конкурстан тыс негізде 33 колледжде 44 мамандық бойынша жұмысшы кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы шешім қабылдады.
Колледждердің тізімі қоса ұсынылады.