Педагогтердің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілетін Республикалық "Үздік педагог" конкурсының облыстық кезеңі аяқталды. Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі.
- Биыл байқауға біздің облыстың білім беру ұйымдарының 28 үздік педагогі бағын сынады. Өңірлік конкурстық комиссия байқаудағы педагогтердің тәжірибелерін саралап, бағасын берді. Нәтижесінде, жоғары ұпайға ие болған облысымыздың 1 педагогі жеңімпаз атанды - Тлегенов Ақжол Дауренович, Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің Үштөбе тірек мектебі (ресурстық) орталығының тарих пәні мұғалімі.
Марапаттау салтанаты Қазақстан Республикасының күні қарсаңында өтетін болады. Облыстық кезеңнің жеңімпазын құттықтаймыз!