АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІНІҢ БОС ЛАУАЗЫМЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІНІҢ БОС ЛАУАЗЫМЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

 

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданының білім бөлімінің «Айналайын» бөбекжайы КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті, Гагарин көшесі, 10 құрылыс, қызмет түрі: білім.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары үшін:  жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл; немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы; осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл; арнайы мектепке дейінгі ұйымның басшысы (меңгерушісі) үшін біліктілікке қойылатын талаптар:

"Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім, тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат; педагогикалық жұмыс өтілі 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда бір жыл; және (немесе) педагогтің, немесе педагог – сарапшының, немесе педагог – зерттеушінің, немесе педагог – шебердің, немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы.

Білуге міндетті:  ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін білуге міндетті.

Лауазымдық жалақының мөлшері:

- мектепке дейінгі ұйым басшысына 155158, 45 теңгеден 183031,22 теңгеге дейін.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар төменде көрсетілген мекенжай бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 100008, Қарағанды қ., Ә. Әлиханов көш., 19.  Қарағанды облысының білім басқармасы, 4 каб., анықтама  үшін  телефон: 41-22-42, электронды пошта kadr.otdel-kadr@yandex.ru.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) бұйрықпен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеуінің сертификаты;

10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме;

12) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі.

 

Конкурсқа қатысу үшін кандидат қосымша конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми жетістіктері туралы материалдарды ұсынады. зерттеу, өз педагогикалық тәжірибесін жалпылау, марапаттар, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпарат (олар болған кезде).

Тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну 4), 5), 6) 7), 8) 9) көрсетілетін қызметті берушіде оларды алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Тиісті ақпараттық жүйелер 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады. Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін жадынамамен таныстырады. Байқаушылар конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін конкурс жариялаған мемлекеттік органның басшылығына жазбаша нысанда ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті  мәліметтерді мына мекенжай бойынша білуге болады: 100008, Қарағанды қ., Ә. Әлиханов көш., 19.  Қарағанды облысының білім басқармасы, 4 каб., анықтама  үшін  телефон: 41-22-42.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
Дата публикации
17 октября 2023