«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы                                   16 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
    № 10279 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру қағидаларында:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының                                  24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1.  Осы «Үздік педагог» атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) өткізілген конкурстың (бұдан әрі – Конкурс) қорытындылары бойынша меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтеріне «Үздік педагог» атағын беру тәртібін айқындайды.

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Конкурстың  І кезеңін өткізу туралы хабарландыруды білім беру саласындағы  уәкілетті орган оны өткізу уақыты басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, Министрліктің ақпараттық жүйесіне орналастырады, ауданның/қаланың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың) білім бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) аудан (қала) аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, сондай-ақ Бөлімнің Интернет-ресурсында  орналастырады.»;

8-тармақ алынып тасталсын;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Конкурстың I кезеңі ағымдағы жылғы шілдеде өткізіледі, онда                               ІІ кезеңге қатысу үшін Конкурстық комиссия ұсынған аудан, қала (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейінде Конкурс жеңімпаздары айқындалады.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20.  Өңірлік комиссия шешімінің қорытындылары бойынша 100 (жүз) балдың кемінде 80 (сексен) пайызын жинаған 10-ға  (он) дейінгі Конкурсқа қатысушы Конкурстың І кезеңінің жеңімпаздары болады.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

« 24. Конкурстың II кезеңі ағымдағы жылғы тамызда өткізіледі, онда                         III кезеңге қатысу үшін ұсынылатын жеңімпаздар айқындалады.»;

27-тармақтың  қазақ тіліндегі нұсқасына өзгерістер енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.»;

«27. II кезеңнің Өңірлік комиссиясы мүшелерінің саны кемінде он екі адамды құрайды. Өңірлік комиссияның отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі.»;

33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«33. Өңірлік комиссияның II кезеңінің шешімінің қорытындысы бойынша 100 (жүз) балдың кемінде 80 (сексен) пайызын жинаған 10-ға (он) дейінгі Конкурсқа қатысушы Конкурстың ІI кезеңінің жеңімпаздары болады.»;

37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«37. Конкурстың III кезеңі ағымдағы жылғы кыркүйекте өткізіледі, онда Конкурстың жеңімпаздары анықталады.»;

Орыс тіліндегі мәтіннің 4-қосымшасына өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.».

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы                      Оқу-ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр                                                                          Ғ. Бейсембаев

 

Дата публикации
27 июня 2023