Ағымдағы жылғы 2 маусымда облыс әкімінің орынбасары Ербол Шымкентбайұлы Әліқұловтың төрағалығымен 2023-2024 оқу жылына арналған колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Комиссия 34 колледжде 65 мамандық бойынша орта буын мамандарын және қолданбалы бакалаврды даярлауға, конкурстан тыс негізде 33 колледжде 47 мамандық бойынша жұмысшы кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы шешім қабылдады.
Айта кететін жайт, колледждерге құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 25 маусымнан басталады.