Қосымша білім беру
Қосымша білім беру - бұл адамның интеллектуалды, рухани-адамгершілік, физикалық және кәсіби жетілдіру қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға бағытталған білім беру түрі; мемлекеттік және муниципалды қосымша білім беру ұйымдары, сондай-ақ балалар мен ересектерге қосымша білім беру бойынша білім беру қызметін жүргізуге лицензия алған ұйымдар ұсынатын қызмет.
Қосымша білім беру — бұл оқушыға білім мен шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілікті алуға, өзін-өзі жүзеге асыруға, кәсіби және жеке тұлға ретінде өзін-өзі анықтауға мүмкіндік беретін дәлелді білім. Көптеген зерттеушілер балаларға қосымша білім беруді қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы білім беру мен оқытудың мақсатты процесі деп түсінеді.
Келесі негізгі бағыттар бойынша даму:
- облыста қосымша білім беруді дамыту мәселелері бойынша ұйымдастырушылық және талдамалық қызмет;
- өңірде қосымша білім беруді қолдауға бағытталған іс-шараларды өткізу және түрлі жобаларды іске асыру;
- оқушылардың зияткерлік, шығармашылық әлеуетін және рухани-адамгершілік тәрбиесін қолдау және дамыту;
- волонтерлік қызметті, оқушылар арасында туристік-өлкетану және экологиялық тәрбиені дамыту, сондай-ақ балалар-жасөспірімдер ұйымдары мен қозғалыстарын қолдау және дамыту.
Өскелең ұрпақтың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін, патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиесін іске асыру және дамыту үшін жағдай жасау, өскелең ұрпақ арасында көшбасшылық қасиеттер мен өмірлік қажетті дағдыларды дамыту.
Облыста 96 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді:
Облыста музыкалық, көркем, хореографиялық және театр өнері саласындағы бағдарламалар іске асырылатын 15 балалар өнер мектебі, 7 музыкалық және 2 көркемөнер, 1 бірліктен жас техниктер, туристер, натуралистер станциясы, 11 қосымша білім беру орталығы, 4 оқушылар сарайы бар. Аталған қосымша білдім беру ұйымдарында қайталанусыз 37 865 бала мен жасөспірім, қайталанумен 48 370 бала қамтылған.
Ата-аналарға немесе заңды өкілдерге білім беру ұйымдары немесе басқа да қосымша білім беру объектілері ұйымдастыратын секциялар мен үйірмелер туралы ақпарат алу үшін «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін алу мақсатында «Е-дарын» интерактивті платформасы жұмыс істейді.

«Е-daryn» қосымша білім беру платформасы келесі мүмкіндіктерді:
- үйірмелер мен секциялардың санын көру;
- онлайн жазылу;
- электрондық журнал, күнделік;
- қашықтықтан оқыту;
- жеке кабинеттер;
- есептер алуды жүзеге асырады.
Балаларды қабылдауға өтінім құжаттар http://e-daryn.kz. сайты арқылы беріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 85-тармағының «Балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі объектілер салу» Жарлығы негізінде облыста республикалық және бюджет есебінен Қарағанды, Теміртау, Абай қалаларында 5 ірі нысан салу жоспарлануда.
Қосымша білім беру ұйымдарының көпшілігі бюджет есебінен ақысыз қызмет көрсетеді. Ақылы қызметтер тек музыкалық және көркемдік бағыттар бойынша сақталады. Бағалар Қарағанды облысы әкімдігінің 4.03.2022 ж. №12/01 «Коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы» Қаулысы негізінде 1000 теңгеден 3000 теңгеге дейін қызмет көрсетеді.
2021 жылы меншік нысанына қарамастан қосымша білім алуға мемлекеттік тапсырыс беруге мүмкіндік беретін норма алғаш рет қабылданды.
Білім беру желісі бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін ғылыми-техникалық, көркемдік-эстетикалық, туристік - өлкетану, әскери - патриоттық бағыттар бойынша 34 млн.теңге сомасына 892 орын бөлінді.
2022-2023 оқу жылында жалпы 200 000-нан астам баланы қамти отырып, зияткерлік, шығармашылық және спорттық әлеуетті дамытуға және қолдауға бағытталған қосымша білім беру саласында түрлі іс-шаралар өткізілді.
Іс-шараларға біздің облыстың қалалары мен аудандары қатысып, әр түрлі жастағы және әр түрлі қызығушылық пен қызмет саласындағы оқушыларды тартты: музыкалық конкурстар, форумдар, конференциялар, кездесулер, фестивальдар, слеттер және т. б.
2022-2023 оқу жылында 150-ден астам іс-шара өткізілді, оның ішінде республикалық конкурстар мен фестивальдердің облыстық кезеңдері: «Жас музыканттар конкурсы», «Биші қайың» хореографиялық фестиваль - конкурсы, «Ұлы Өнертабысқа алғашқы қадам» конкурсы, «Абай оқулары», Жол қозғалысы жас инспекторларының слеті, «Ақ шағала» би конкурсы, «Мамандықтар әлемін ашамыз» конкурсы, «Ақберен» көркем сөз конкурсы, «Менің Отаным-Қазақстан» туристік-өлкетану отрядтарының слеті, Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысы, «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің фестивалі, «Алтын қазына» көркем өнер байқауы, «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистер форумы, «Менің Отаныма – менің бастамам» шығармашылық жобалар байқауы, «Қазақстанның балалары шексіз әлемде» шығармашылық фестивалі, «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы және т. б.
Сондай-ақ, оқушылар арасында робототехниканы дамыту бойынша өз қызметін жүзеге асырады, жыл сайын «Роболэнд» Халықаралық робототехника фестивалін ұйымдастыруға, облыстық пәндік олимпиадаларды, конкурстар мен жарыстарды
өткізуге қатысады.