Қарағанды облысының білім басқармасы Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының педагогтеріне қызметтік пәтер беруге өтініш қабылдау туралы хабарлайды
Қызметтік пәтер Саран қаласы, Ақтас кенті, 1 шағын аудан, 5 үй мекен-жайында орналасқан 58 пәтер, жалпы көлемі 46,4 шаршы метр және 63 пәтер, жалпы көлемі 42,2 шаршы метр.
Бұл пәтерге Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының педагогтері үміткер бола алады.
Қажетті құжаттар тізімі:
- білім беру ұйымынан қолдаухат;
- қызметтік тұрғын үй беру туралы өтініш;
- өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің көшірмелері;
- өтініш берушінің жұмыс орнынан анықтама;
- отбасы жағдайы туралы куәліктердің (неке қию, бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы туралы куәліктің) және балалардың тууы туралы куәліктердің көшірмелері;
- өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің негізгі қызмет орны бойынша тиісті аумақта жылжымайтын мүлікке құқықтарының жоқтығы туралы анықтама (жылжымайтын мүліктің болмауы және болуы туралы ХҚКО анықтамасы);
- «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 68-бабына сәйкес жұмыскерлердің (педагогтердің) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттар (болған жағдайда).
Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 19, «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ, 4, 6 кабинеттер. Телефоны 41-22-42, 41-13-19, 21-51-41 (хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде).