Хабарландыру

Хабарландыру

Қарағанды облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2023-2024 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдайды.

Конкурсқа қатысуға өтінім берген меншік нысанына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары конкурсқа қатысуға жіберіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 2023 жылғы 4 мамырға дейін Мемлекеттік корпорация немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Дата публикации
25 апреля 2023