«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Қарағанды облысының білім басқармасының "Бұқар жырау агротехникалық колледжі" КММ директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Орналасқан орны (мекен-жайы): 100407, Ғ. Мұстафин кенті, Центральная көшесі,
17-құрылыс. Тел.8 (72138) 31-5-23.
Лауазымдық жалақысы: Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 195 202 теңгеден бастап 236 764 теңгеге дейін.
"Бұқар жырау агротехникалық колледжі" КММ - келесі салалар бойынша 5 мамандық бойынша мамандар даярлайтын оқу орны:
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану", "Ауыл шаруашылығын механикаландыру", "Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)";
- Қызметтер, Қызмет көрсету саласы: "Тамақтандыруды ұйымдастыру";
- Өндіру, монтаждау, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша): "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану";
- Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология: "Фермерлік шаруашылық (бейіні бойынша)".
Колледж қазақ және орыс тілдерінде 9 және 11 сыныптар негізінде оқуға қабылдайды, мемлекеттік және орыс тілдерінде білім береді..
Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар талаптары: Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім; білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы (мекеме) басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;
оқу орнының кадрлар даярлау бейініне сәйкес келетін бір немесе бірнеше біліктілік бойынша орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріндегі басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;
бейіні бойынша әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшысы (басшының орынбасары) лауазымында кемінде 2 жыл өтілі бар;
педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы (оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде);
немесе "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының немесе білім беру ұйымы "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.
Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметті басқарады; мемлекеттік стандарт талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді; оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процестерінің кестелерін, ішкі тәртіп қағидаларын бекітеді; білім беру ұйымы қызметкерлерінің басқару құрылымын, штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істеу үшін қажетті жағдайларды, қоғамдық тамақтануды, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды және олардың жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді; оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен білім беру ұйымдары қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін жағдайлар жасайды; қаржы-шаруашылық қызметіне, оның ішінде материалдық және ақшалай қаражатты мақсатсыз пайдалануға жауапты болады; жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен жұмысты үйлестіреді; қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді; қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйіне, оның ішінде материалдық және ақшалай қаражатты мақсатсыз пайдалануға бақылауды жүзеге асырады және жауапты болады; материалдық-техникалық базаны қайта жарақтандыруды және қайта ұйымдастыруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады; білім беру ұйымының білім беру қызметінің саласын қолдау және кеңейту мақсатында білім берудің инновациялық технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді; кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, педагогтердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды; үздіксіз кәсіптік оқыту бойынша білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады;
жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді.;жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді; әлеуметтік әріптестік пен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады; уәкілетті органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасайды; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (мекемелері) басшыларының біліктілігін беру (растау), арттыру кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді;білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне дұрыс және уақытылы әкімшілік деректерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;педагогика және психология негіздері;қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;педагогикалық этиканың нормалары;басқарудың инновациялық әдістері;экономика негіздері, Қаржы-шаруашылық қызмет мәселелері;құқық негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары;компьютерлік сауаттылық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздерін білу қажет.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 ««Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде қабылданады.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) бұйрықпен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) біліктілік тестілеуінің сертификаты;
10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме;
12) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат қосымша конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми жетістіктері туралы материалдарды ұсынады. Зерттеу, өз педагогикалық тәжірибесін жалпылау, марапаттар, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпарат (олар болған кезде).
Тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну 4), 5), 6) 7), 8) 9) көрсетілетін қызметті берушіде оларды алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Тиісті ақпараттық жүйелер 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады. Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін жадынамамен таныстырады. Байқаушылар конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін конкурс жариялаған мемлекеттік органның басшылығына жазбаша нысанда ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті мәліметтерді мына мекенжай бойынша білуге болады: 100000, Қарағанды қ., Ә. Әлиханов көш., 19. Қарағанды облысының білім басқармасы, 4 каб., анықтама үшін телефон: 41-22-42, эл. kadr.otdel-kadr@yandex.ru.